Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Жаңа Ута Абэ". 17 жастағы қазақстандық дзюдошыны аңыз спортшыға теңеді

Жуырда Фатима Сұпығалиева Дакарда өткен 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

"Жаңа Ута Абэ". 17 жастағы қазақстандық дзюдошыны аңыз спортшыға теңеді
olympic.kz

Қазақстандық 17 жастағы дзюдошы Фатима Сұпығалиева шетелдік мамандардың назарына ілікті. Judo News Online телеграм-арнасы жас спортшыны "жаңа Ута Абэ" деп атап, оған ересектер деңгейінде ауыстыру керегін жазды.

"Біз де қазақ дзюдосындағы мықты проспект Фатима Сұпығалиеваны байқадық. Соңғы бірнеше айда ол 18 жасқа дейінгі әлем біріншілігін және 52 келіде жасөспірімдер Олимпиадасын жеңді, бұған дейін Азия ойындарында да топ жарды.

Қазір ол небәрі 17 жаста. Бірақ Ута Абэ және Диёра Келдиёровамен оқу-жаттығу жиындарында қалай сауатты күресетініне қараңыздаршы.

Ересектерге тән ақылды күрес және жастар арасындағы нәтиже. Мұндай спортшыға ересектер деңгейінде мүмкіндік беру керек", – делінген жарияланымда.

Сұпығалиева соңғы айларда жасөспірімдер арасындағы ірі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, 52 келіге дейінгі салмақта Қазақстан дзюдосының ең перспективалы спортшыларының біріне айналды.

Неге оны Ута Абэге теңеп отыр?

Ута Абэ – 52 келіге дейінгі салмақтағы әлем дзюдосының ең танымал спортшыларының бірі. Жапониялық дзюдошы Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы және алты дүркін әлем чемпионы.

Ал өзбекстандық Диёра Келдиёрова – Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы.

Фатима Сұпығалиеваның дәл осы екі спортшымен оқу-жаттығу жиындарында белдесуі және жастар арасындағы нәтижелері оның әлеуетіне деген қызығушылықты күшейтіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?