Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сауль "Канело" Альварес Қазақстанға келмек

Бұл туралы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет мәлімдеді. 

Сауль "Канело" Альварес Қазақстанға келмек
mma.metaratings.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 КО) мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареске Қазақстан туралы жиі айтып жүретінін жеткізді.

Sports.kz басылымына берген сұхбатында 28 жастағы қазақстандық боксшы "Канелоның" Қазақстанға келуге ниетті екенін де айтты.

"Иә, мен оған Қазақстан туралы үнемі айтып жүремін. Өзі де сұрады. Келетінін айтты", – деді Бек Нұрмағанбет.

Қазақстандық спортшы мен "Канело" бір-бірін жақсы таниды. Нұрмағанбет мексикалық чемпионның спарринг-серіктестерінің бірі саналады.

Нұрмағанбет Эр-Риядта жарқын нокаут жасады

Бек Нұрмағанбет жуырда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен ірі бокс кешінде өнер көрсетті.

Ол "Канело" Альварес қатысқан кештің андеркардында мексикалық Маркос Васкес Родригеспен (21-4-1, 10 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Раунд аяқталуына шамамен бір минут қалғанда Нұрмағанбет Васкесті нокдаунға жіберді. Ал алғашқы үш минуттықтың соңына санаулы секунд қалғанда сол қолымен жасаған ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бек кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген

Нұрмағанбет кәсіпқой бокста 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Оның 15 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Ал Сауль "Канело" Альварестің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 64 жеңіс, 3 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Оның 39 жеңісі нокаутпен тіркелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?