Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бек Нұрмағанбет IBF рейтингінің үздік бестігіне кірді

Жуырда қазақстандық боксшы мексикалық Маркос Васкеспен (21-4-1, 10 КО) кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңген еді. 

Бек Нұрмағанбет IBF рейтингінің үздік бестігіне кірді
Offside.kz

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 КО) екінші орта салмақта Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде бірден төрт сатыға көтерілді.

31 қазанда Эр-Риядта өткен бокс кешіндегі мерзімінен бұрынғы жеңістен кейін қазақстандық спортшы бесінші орынға шықты.

Нұрмағанбет қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Бек Нұрмағанбет Сауль "Канело" Альварес пен Кристиан Мбилли жекпе-жегі өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан болатын. Қазақстандық боксшы мексикалық Маркос Васкеспен (21-4-1, 10 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Осы жеңіс оның IBF рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты. Бұған дейін тоғызыншы орында тұрған Нұрмағанбет енді үздік бестікке енді.

IBF рейтингінде кімдер алда тұр?

Екінші орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы – кубалық Ослейс Иглесиас.

Рейтингтің алғашқы екі орны әзірге бос тұр.

Үшінші сатыда франциялық Кевин Леле Саджо, ал төртінші орында Ливия өкілі Малик Зинад орналасқан.

Бек Нұрмағанбет бесінші орынға көтеріліп, чемпиондық белбеуге таласатын боксшылардың қатарына тағы бір қадам жақындады.

Қазақстандық боксшы әлі жеңілген жоқ

Нұрмағанбет кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Оның 15 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?