"Манчестер Юнайтед" АПЛ антирекордын қайталады
"Қызыл сойқандар" алдыңғы маусымды үздік үштікте аяқтап, келесі чемпионаттың алғашқы он матчында небәрі бір рет жеңіске жеткен команда атанды.
"Манчестер Юнайтед" Англия Премьер-лигасының 10-турында "Астон Вилламен" 4:4 есебімен тең түскеннен кейін тарихи антирекордты қайталады.
Opta Sport мәліметінше, бұған дейін Англияның жоғары дивизионында алдыңғы маусымды үздік үштікте аяқтап, келесі чемпионаттың алғашқы он матчында небәрі бір рет жеңіске жеткен команда 1953 жылы тіркелген.
"Манчестер Юнайтед" 4:4 есебімен тең түсті
Манчестерде өткен кездесу сегіз голмен аяқталды. "Астон Вилла" алғашқы төрт минутта екі рет гол соғып, есепте алға шықты. "Манчестер Юнайтед" кейін ойынға қайта оралғанымен, екінші таймда тағы да қуып жетуші рөлінде қалды.
Матчтың соңғы минуттарында Джошуа Зиркзее 90+2 минутта, ал Патрик Доргу 90+6 минутта гол соғып, алаң иелеріне бір ұпай алып берді.
Мұндай жағдай соңғы рет 1953 жылы болған
Opta Sport дерегіне сәйкес, "Манчестер Юнайтед" алдыңғы маусымды чемпионаттың үздік үштігінде аяқтап, жаңа маусымдағы алғашқы он ойында бір ғана жеңіске жеткен Англия жоғары дивизионының 1953 жылдан бергі алғашқы клубына айналды.
Соңғы рет мұндай көрсеткіш "Арсеналда" 1953/54 маусымында тіркелген. Осылайша, манчестерлік клуб 73 жыл бұрынғы жағымсыз көрсеткішті қайталады.
Айта кетейік, "Манчестер Юнайтедтің" жағдайын турнир кестесіндегі орны да күрделендіріп отыр. Он турдан кейін команда небәрі 8 ұпай жинап, Премьер-лигада 18-орында келеді.
Қазіргі таңда "қызыл сойқандар" төменгі дивизионға түсіп қалу аймағында тұр.