Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ташкентте уланған қазақстандық жас футболшылар елге оралды

Ташкентте футбол турнирі кезінде тамақтан уланған қазақстандық балалардың барлығы ем қабылдап, елге қайтты.

Ташкентте уланған қазақстандық жас футболшылар елге оралды
sportarena.kz

Оқиға қазан айының соңында Өзбекстан астанасында өткен халықаралық турнир кезінде болған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, қазақстандық балалар Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің толық қолдауымен тиісті ем алған.

"Футбол турнирі кезінде тамақтан уланған қазақстандық балалардың барлығы Қазақстанға оралды. Олар Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің толық қолдауымен тиісті ем қабылдады. Өзбекстандық әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Олар осы жағдайда барынша көмек көрсетіп, қолдан келгеннің бәрін жасады", – деді Жанболат Үсенов.

Министрліктің ресми өкілі аталған оқиғаға байланысты Өзбекстанда тергеу жалғасып жатқанын да хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?