Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Асаубаеваның супертурнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды.

Асаубаеваның супертурнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды
instagram/bibisarachess

Жеребе қорытындысы бойынша блицтен екі дүркін әлем чемпионы D тобына түсті. Оның алғашқы қарсыласы америкалық гроссмейстер Уэсли Со.

Уэсли Со – АҚШ-тың үш дүркін чемпионы әрі шахматтың Фишер нұсқасынан (Chess960) бұрынғы әлем чемпионы. Гроссмейстер 2019 жылы финалда Магнус Карлсенді жеңіп, осы атақты иеленген.

Қандай қарсыластары бар?

Асаубаеваның топтағы өзге қарсыластары – француз гроссмейстері Максим Вашье-Лаграв, америкалық Ханс Ниманн және үндістандық шахматшылар Арджун Эригайси мен Вайшали Рамешбабу.

Будапештте 10 қарашада басталған сайыс 20 қарашаға дейін жалғасады. Супертурнирге әлемнің 24 шахматшысы қатысып жатыр. Жалпы жүлде қоры 650 мың долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?