Ясмина Тоқсанбаеваға жеңіл атлетикадағы жетістігі үшін пәтер берілді
Сонымен қатар 9 қарашада Ясмина Тоқсанбаева "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды.
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттағы жетістіктері үшін пәтер кілтін алды.
Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, федерацияға және өзіне қолдау көрсеткен барша жанға алғыс білдірді.
"Сезімімді жеткізуге сөзім де, эмоциям да жетпейді. Өз елім мен федерациямның осындай құрметіне ие болғаныма шексіз қуаныштымын! Бүгінгі күнге себепкер болған барша жанға рақмет. Бұл марапат маған алға ұмтылып, дами түсуге күш береді!" – деп жазды спортшы.
Мемлекеттік медальмен де марапатталды
Сонымен қатар 9 қарашада Ясмина Тоқсанбаева "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды.
Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Мемлекеттік марапат Азия және Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға табысталды.