"Бернли" бапкері Чемпионшиптегі жағдайға баға берді
"Бернли" клубының бас бапкері Фабио Челестини команданың Чемпионшиптегі қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.
Челестини сырт алаңдағы матчтан кейінгі мәлімдемесінде алға қойған басты мақсат – Чемпионшиптегі орнын сақтап қалу екенін айтты. "Кардифф Ситимен" өткен кездесу 5:4 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
"Қазіргі жағдайымызды ескерсек, қолымыздан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Енді алдағы екі аптада өте қарқынды жұмыс істейміз. Біз жағдайды да, турнир кестесіндегі орнымызды да жақсы түсінеміз.
Меніңше, ең маңыздысы – "Бернлидің" Чемпионшипте қалу үшін күресіп жатқанын ашық айту. Бұған дейін бұл туралы айтпаған шығармыз. Бірақ жағдайды дұрыс бағалау үшін шынайы болуымыз керек. Дәл осы сәтте басты міндетіміз – Чемпионшипте қалу үшін күресу.",– деді Челестини BBC Radio Lancashire эфирінде.
Сәтпаев жарақатына байланысты матчтан тыс қалды
Қазақстандық шабуылшы "Кардифф Ситиге" қарсы кездесудің өтініміне енген жоқ. Бұған дейін Фабио Челестини Дастан Сәтпаевтың жарақатынан кейін қалпына келіп жатқанын хабарлаған болатын.
Чемпионшиптің 15 турында "Бернли" 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 22-орында тұр. Қауіпті аймақтан шығу үшін командаға 21-сатыдағы клубтан бес ұпайға озу қажет.
"Бернли" келесі кездесуін 22 қарашада өз алаңында "Блэкбернге" қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.