Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Реал" аңызы испаниялық клубтың бас бапкері атанды

Мадридтік "Реалдың" әйгілі шабуылшысы Рауль Гонсалес испаниялық "Овьедо" командасын жаттықтырады.

"Реал" аңызы испаниялық клубтың бас бапкері атанды
instagram.com/realoviedo/

Раульдің алғашқы матчы қашан өтеді?

Клубтың баспасөз қызметі жаңа бас бапкердің ресми таныстырылымға дейін мәлімдеме жасамайтынын хабарлады.

Раульдің "Овьедо" тізгініндегі алғашқы кездесуі 15 қарашаға жоспарланған. Сол күні команда өз алаңындағы "Карлос Тартьере" стадионында "Жиронаны" қабылдайды.

Қазір "Овьедо" Сегунда турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Команда 13 матчта 21 ұпай жинаған.

"Реал" жүйесінде жинаған бапкерлік тәжірибесі

Рауль жаттықтырушылық қызметін 2018 жылы мадридтік клубтың құрылымында бастады. Ал 2020 жылы "Реалдың" жасөспірімдер командасымен УЕФА Жастар лигасының жеңімпазы атанды.

Бұдан бөлек, маман алты маусым бойы "Кастильяны" басқарған.

Рауль футболшылық мансабының басым бөлігін "Реалда" өткізді. Ол мадридтік команданың намысын 15 жылдан астам уақыт қорғады.

Кейін шабуылшы германиялық "Шальке", катарлық "Әл-Садд" және америкалық "Нью-Йорк Космос" клубтарында өнер көрсетті. Футболшылық мансабын 2015 жылы аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?