Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бибісара Асаубаеваны Магнус Карлсен қатысатын турнирдің басты интригасы ретінде аталды

Будапешттегі Total Chess турнирі 10–20 қараша аралығында өтеді.

Бибісара Асаубаеваны Магнус Карлсен қатысатын турнирдің басты интригасы ретінде аталды
astanatv.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Будапештте өтетін Total Chess пилоттық турнирінде басты назарда болатын қатысушыларының бірі ретінде аталды.

World Chess порталы жарыс алдындағы шолуында Асаубаева мен үндістандық Вайшали Рамешбабудың мүмкіндігіне арнайы тоқталған.

"Ең интригалы екі қатысушы – Қазақстаннан Бибісара Асаубаева және Үндістаннан Вайшали Рамешбабу. Екеуі де қауіпті қарсылас екенін дәлелдеп үлгерді. Алайда осындай деңгейдегі элиталық шахматшылар арасында өнер көрсету – мүлде бөлек сын", – делінген материалда.

World Chess олардың жоғары деңгейде тұрақты ойнайтын қарсыластарға қарсы қысымға қалай төтеп беретініне де назар аударған. Сондай-ақ басылым турнирдің ерекше форматы Асаубаева мен Рамешбабуға мүмкіндік беруі ықтимал екенін атап өтті.

Сәтті өнері турнирдің басты оқиғасына айналуы мүмкін

Порталдың бағалауынша, Асаубаева немесе Рамешбабудың жоғары нәтиже көрсетуі жарыстың ең қызықты оқиғаларының біріне айналуы мүмкін.

"Олардың кез келгенінің сәтті өнер көрсетуі турнирдегі ең әсерлі оқиғалардың бірі болар еді", – деп жазды World Chess.

Айта кетейік, Total Chess турнирі 10–20 қараша аралығында өтеді.

Жарысқа барлығы 24 шахматшы қатысады. Олардың арасында әлемдік шахматтың басты жұлдыздары – Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Нодирбек Абдусатторов және Алиреза Фирузджа бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?