Абдукодир Хусановтың ерекше әрекеті жанкүйерлерді таңғалдырды
Абдукодир Хусанов Англия чемпионатындағы "Ноттингем Форестке" қарсы кездесуде (1:3) ерекше әрекетімен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.
Instagram желісіндегі танымал Rising Ballers парақшасы футболшының алаңға қысқа жеңді жейдемен шыққанын атап өтті. Матч өткен Ноттингем қаласында ауа температурасы небәрі +7 градус болған. Соған қарамастан, Хусанов қысқа жеңді жейдемен ойнаған жалғыз футболшы болды.
"Хусанов суықты сезбейтін сияқты... Ноттингемде небәрі жеті градус болғанымен, ол "Манчестер Ситиден" алаңға қысқа жеңді жейдемен шыққан жалғыз ойыншы болды. Фотосуреттер әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр. Футболшылардың ескі мектептің дәстүріне қайта оралғаны ұнайды. Нағыз олдскул!" – деп жазды Rising Ballers.
Өзбекстандық қорғаушы осы маусымда "Манчестер Сити" сапында 14 матч өткізді. Алайда әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.