Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Давид Лория әкесіне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі "Қызыл-Жар СҚ" клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияны мемлекетаралық іздеуге жариялаған еді. 

Давид Лория әкесіне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады
sport.orda.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория "Қызыл-Жар СҚ" футбол клубының бұрынғы президенті, әкесі Григорий Лорияның мемлекетаралық іздеуге жариялануына байланысты пікір білдірді.

Ол тараған ақпараттың өзінің кәсіби қызметіне қатысы жоқ екенін атап өтіп, кінәсіздік презумпциясын еске салды.

Tengrinews.kz мәліметінше, Давид Лория аталған футбол клубтарының қызметіне және сөз болып отырған жағдайларға қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ ол кез келген адамның кінәсі сот үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналатынын атап өткен.

Әкесінің іздеуде болуы кандидатурасына әсер етпейді

Бұған дейін Астана аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков Григорий Лорияның іздеуге жариялануы Давид Лорияның мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелуіне әсер етпейтінін айтқан.

"Бала әкесі үшін жауап бермейді. Оның бұған қандай қатысы бар? Ол ересек адам. Бұл мүлде әсер етпейді. Егер екеуі бір компанияда жұмыс істесе, мәселе басқа болар еді. Бірақ олар әртүрлі бағытта жүр", – деді Жұмабеков BES.media-ға.

Комиссия өкілдері егер құқық қорғау органдары Давид Лорияның өзіне қатысты қандай да бір талап қойса, мәселе прокуратураның құқықтық бағасы ескеріле отырып қаралатынын да нақтылаған.

Григорий Лория не үшін іздестіріліп жатыр?

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі "Қызыл-Жар СҚ" клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияны мемлекетаралық іздеуге жариялады. Ол 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру және салық төлеуден жалтару фактілері бойынша күдікке ілінді.

ҚМА мәліметінше, 2023 жылы клубтың қызметін қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті бас бухгалтермен және басқа тұлғалармен бірге жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражатты жеке шоттарға негізсіз аударған және бухгалтерлік әрі салықтық есептілікте жалған мәліметтер көрсеткен болуы мүмкін.

Григорий Лорияның кінәсі сотта дәлелденген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?