Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Matchday: Молдова мен Словакияны қалай жеңбекпіз?

Ұлттық құрама сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, кейін өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Матч беті Молдова 22:00 Қазақстан 13 қараша, жұма · Ұлттар лигасы, 5-тур · Тікелей эфир Құрамдар мен болжам →

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы екі матчын осы қараша айында өткізеді.

Алдымен ұлттық құрама сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, кейін өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Плей-оффқа шығуға мүмкіндік бар

Қазақстанның топта екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алу мүмкіндігі сақталып отыр.

Ол үшін ұлттық құрама алдағы екі кездесуде кемінде төрт ұпай жинауы керек. Ендігі басты сұрақ – Қазақстан бұл міндетті орындай ала ма?

Сарапшылар ұлттық құраманың мүмкіндігін талқылады

Бұл тақырып "Бірінші болдың" студиясында талқыланды. Қазақстанның белгілі спорт журналистері Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Елдар Аманбаев және Олжас Байбосын Джон ван'т Шкип жаттықтыратын ұлттық құраманың қазіргі әлеуеті мен алдағы матчтардағы мүмкіндігіне баға берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?