Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлем чемпионының жеңілісі Зәуірбектің титулдық айқасына әсер ете ме?

Сұлтан Зәуірбек 2026 жылдың қыркүйегінде австралиялық Джексон Инглэндті жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына басты үміткер мәртебесіне ие болды.

Әлем чемпионының жеңілісі Зәуірбектің титулдық айқасына әсер ете ме?
NUR.KZ

Боксшы Сұлтан Зәуірбектің IBF тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына таласу жоспары іске аспай қалуы мүмкін.

X әлеуметтік желісіндегі Tokkerū бокс аккаунтының авторы қазақстандық боксшыға негізгі титул үшін емес, IBF уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек ұсынылуы ықтимал екенін болжады. Мұндай болжамға америкалық О’Шаки Фостердің WBC, IBF және WBO нұсқалары бойынша үш чемпиондық белбеуді бір қолға жинауы себеп болған.

IBF ережесі бойынша, біріккен чемпионның басқа ұйымдар алдындағы міндеттемелеріне байланысты міндетті титул қорғауы кейінге шегерілсе, федерация уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат бере алады. Сондықтан Зәуірбектің негізгі белбеу үшін бірден жұдырықтасу мүмкіндігі кейінге қалуы ықтимал.

Қарсыласы Генри Леброн болуы мүмкін

Қазір Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде бірінші орында тұр. Рейтингтің екінші сатысы бос, ал үшінші орында Генри Леброн орналасқан.

Tokkerū авторының пікірінше, 2027 жылы уақытша чемпиондық белбеу үшін дәл осы екі боксшы кездесуі мүмкін.

Сондай-ақ ол жекпе-жекті Дмитрий Салита ұйымдастыратын бокс кештерінің бірінде, Кларисса Шилдстің жекпе-жегінің андеркардында өткізу нұсқасын ұсынды.

Наварретенің жеңілісі жағдайды өзгертті

Бұған дейін екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF әлем чемпионы атағы мексикалық Эмануэль Наварретеге тиесілі болды.

24 қазанда ол О’Шаки Фостерге WBC, IBF және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынған жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп қалды. Осы нәтижеден кейін Фостер үш белбеудің иегері атанып, IBF титулына міндетті үміткерлердің жағдайы күрделене түсті.

Сұлтан Зәуірбек 2026 жылдың қыркүйегінде австралиялық Джексон Инглэндті жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына басты үміткер мәртебесіне ие болды. Енді қазақстандық боксшының келесі чемпиондық жекпе-жегінің форматы IBF шешіміне байланысты болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?