Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бибісара Асаубаева Еуропадағы турнирде жеті рет қатарынан жеңілді

Қазақстандық шахматшының мансабында мұндай антирекорд бұрын-соңды болмаған. 

Бибісара Асаубаева Еуропадағы турнирде жеті рет қатарынан жеңілді
NUR.KZ

 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирін сәтсіз бастады.

Жарыстың алғашқы күнінде швейцар жүйесі бойынша тоғыз турдан тұратын блиц турнирі өтті. Оған барлығы 24 шахматшы қатысып жатыр. Олардың 22-сі ер, екеуі әйел.

Асаубаева жеті партияда қатарынан ұтылды

Бибісара Асаубаева алғашқы жеті турдың барлығында жеңіліс тапты.

Бірінші турда ол үндістандық Рамешбабу Прагнанандхадан, екінші турда америкалық Фабиано Каруанадан ұтылды.

Үшінші кездесуде қазақстандық шахматшы әзербайжандық Шахрияр Мамедьяровқа, төртінші турда нидерландтық Йорден ван Форестке есе жіберді.

Одан кейін Асаубаева америкалық Уэсли Со, өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов және вьетнамдық Ле Куанг Льемге жол берді.

Жеке антирекорд тіркелді

Бұл серия 22 жастағы Бибісара Асаубаеваның ересектер арасындағы кәсіби мансабындағы ең сәтсіз кезеңдердің біріне айналды.

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы бұған дейін қатарынан жеті партияда жеңіліп көрмеген. Осылайша, ол жеке антирекорд орнатты.

Жеті турдың қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева әзірге бірде-бір ұпай жинамаған жалғыз қатысушы болып отыр. Дегенмен қазақстандық шахматшының жағдайын түзетуге әлі мүмкіндігі бар. Оған блиц турнирінің соңғы екі партиясын өткізу қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?