Трофей қайда кетеді – Шымкентке ме, әлде Қызылордаға ма?
"Ордабасы" – "Қайсар" арасындағы Olimpbet-Қазақстан кубогы финалына аналитика.
Қазақстан. Olimpbet-Қазақстан кубогы. Финал
"Ордабасы" (Шымкент) – "Қайсар" (Қызылорда). 7 қараша, 16:00 (Астана уақыты)
Қазақстандағы футбол маусымы Olimpbet-Қазақстан кубогы үшін шешуші айқаспен аяқталады. Трофей үшін "Ордабасы" мен "Қайсар" таласады.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта шымкенттіктерді айқын фаворит деп санайды. Олардың пікірінше, ҚПЛ-дың қазіргі чемпионының жеңіске жету мүмкіндігі маусым қорытындысында жоғары дивизионнан түсіп қалған клубқа қарағанда бес еседен де жоғары.
Финалға дейінгі жол
Екі команда да турнирді 1/16 финал кезеңінен бастады. "Ордабасы" алдымен көршілес "Академия Оңтүстікті" 4:2 есебімен жеңді, одан кейін Ақтаудың "Каспийін" 3:0 және Талдықорғанның "Жетісуын" 1:0 есебімен жарыстан шығарды. Ал екі матчтан тұратын жартылай финалда оңтүстік командасы Өскеменнің "Алтайынан" басым түсті: өз алаңында 3:1 есебімен жеңіп, сырт алаңда 2:2 есебімен тең ойнады.
"Қайсардың" турнирдегі жолы әлдеқайда күрделі болды, қарсыластары да мықтырақ еді. Қызылордалықтар алдымен Екінші лига өкілі "Таласты" 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін "дала қасқырлары" Қазақстан кубогын ең көп жеңіп алған клуб – "Қайратты" 2:1 есебімен жарыстан шығарды.
"Тобылға" қарсы ширек финалдың тағдыры тек пенальти сериясында шешілді. Ал финалға жолдаманы "Қайсар" елордалық "Жеңіспен" өткен тартысты екі матчтың қорытындысында алды: өз алаңында 3:1 есебімен жеңіп, сырт алаңда 2:3 есебімен ұтылды.
Қарымта жартылай финалда овертаймға кетпеуге қызылордалықтарға негізгі уақыттың соңғы минутында соғылған гол мүмкіндік берді.
2026 жылғы маусым
Қарсыластар маусымды мүлде әртүрлі өткізді. "Ордабасы" клуб тарихындағы екінші чемпиондық атағын жеңіп алды. Шымкенттік команда чемпионатты аяқталуына бір тур қалғанда мерзімінен бұрын жеңіп, енді тарихи жетістікке – "алтын дубль" жасауға мүмкіндік алып отыр.
"Қайсар" болса, ҚПЛ-дағы маусымды сәтсіз өткізді. Қызылордалық клуб соңғы орын алып, бес жылдан кейін алғаш рет жоғары дивизионнан түсіп қалды. Соған қарамастан, "Қайсар" да Қазақстан футболы тарихына енуі мүмкін. Егер команда Кубокты жеңсе, Бірінші лигада өнер көрсететін клуб ретінде еурокубокқа жолдама алған алғашқы қазақстандық ұжым атанады. Алайда ол үшін "Қайсарға" аса қиын міндетті орындау – ел чемпионын жеңу қажет.
Өзара кездесулер тарихы
Жалпы алғанда, командалардың өзара матчтарындағы баланс шамамен тең, аздап басымдық шымкенттіктер жағында. Олар осы уақытқа дейін 58 рет кездескен. "Ордабасы" 24 матчта жеңіске жетсе, "Қайсар" 21 рет басым түскен. Тағы 13 ойын тең аяқталған.
Алайда соңғы он матчта қызылордалықтардың көрсеткіші төмендеу: олар екі рет қана жеңіске жеткен, екі кездесу тең аяқталған, ал "Ордабасы" алты рет басым түскен. 2026 жылғы маусымдағы екі кездесу де "Ордабасының" пайдасына шешілді. Жалпы есеп – 6:1.
Ал Қазақстан кубогы аясындағы өзара кездесулер статистикасында шымкенттіктердің артықшылығы айқын: "Ордабасы" төрт рет жеңіске жеткен, тағы бір матч тең аяқталған. Сол тең ойын 2022 жылғы турнирдің ширек финалында болған және нәтижесінде шымкенттік клуб келесі кезеңге өткен. Кейін сол маусымда "Ордабасы" Қазақстан кубогын жеңіп алды.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары "Ордабасының" гол соғатынына күмән келтірмейді деуге болады.
Олардың пікірінше, шымкенттік команда негізгі уақытта кемінде екі гол соғуы ықтимал. Бұл "Түркістан Аренадағы" матчтың нәтижелі өтуіне негіз болуы мүмкін.
Сонымен, "Ордабасы" "алтын дубль" жасай ма, әлде 2026 жылғы Olimpbet-Қазақстан кубогын Бірінші лигаға түсіп қалған "Қайсар" жеңіп ала ма? Бұл сұрақтың жауабы сенбі, 7 қарашада белгілі болады.