Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ла Лига мен АПЛ-дегі тартысты матчтар

Olimpbet-тің "Атлетико" – "Барселона" және "Манчестер Юнайтед" – "Астон Вилла" ойындарына аналитикасы

Ла Лига мен АПЛ-дегі тартысты матчтар
olimpbet.kz

Испания. Ла Лига. 12-тур. "Атлетико" – "Барселона". 9 қараша, 01:00 (Астана уақыты)

Алдағы демалыс күндерінің Испания футболындағы ғана емес, жалпы Еуропадағы басты оқиғаларының бірі – Ла Лиганың екі алыбы "Атлетико" мен "Барселонаның" кездесуі болмақ.

Olimpbet сарапшылары бұл ойында қонақтарды айқын фаворит деп санайды. Олардың бағалауынша, каталониялықтардың жеңіске жету мүмкіндігі мадридтік командаға қарағанда шамамен екі есе жоғары.

Турнирлік жағдай және соңғы матчтар

12-тур басталар алдында бұл екі клуб Ла Лига кестесінің ең жоғарғы орындарында тұрды. "Блауграна" 30 ұпаймен жеке-дара көш бастаса, "Атлетико" одан небәрі екі ұпайға қалып, екінші орында келе жатты.

Сонымен қатар екі команданың да күнтізбесі оңай емес. "Барса" соңғы үш аптада бірнеше топ-матч өткізді: Испания чемпионатында "Бетис" пен "Реалға", ал Чемпиондар лигасында ПСЖ мен "Астон Виллаға" қарсы ойнады.

Каталониялықтар "Бетисті" 5:2, "Астон Вилланы" 3:0 есебімен жеңді. Ал мадридтік "Реалдан" 2:3, ПСЖ-дан 2:4 есебімен ұтылды.

"Атлетиконың" күнтізбесі сәл жеңілірек болды. Соның арқасында команда Ла Лигада қатарынан жеті матчта жеңіске жетіп келеді. Алайда Чемпиондар лигасында мадридтіктер соңғы екі турда жеңіс көрген жоқ: "Штутгартпен" 1:1 есебімен тең түсіп, өз алаңында "Бавариядан" 0:2 есебімен ұтылды.

Статистика

Испания чемпионатында Ханси Флик командасы Диего Симеоне ұжымынан бір ғана негізгі көрсеткіш бойынша қалып тұр – жіберілген гол саны. "Барселона" 12 гол жіберсе, "Атлетико" қақпасына 8 доп өткізген.

Дегенмен қорғаныстағы бұл айырмашылықты каталониялықтар шабуылдағы жоғары нәтижелілікпен өтеп отыр. "Барса" маусым басталғалы Ла Лигада қарсыластарының қақпасына 46 гол соққан. Бұл бір матчқа орта есеппен төрт голдан асады. "Атлетиконың" еншісінде 22 гол бар.

Сондай-ақ "Барселона" бір матчта орта есеппен қақпаға көбірек соққы жасайды – 20 қарсы 16,73, қақпаға дәл бағытталған соққы саны да жоғары – 8,09 қарсы 6,09. Каталониялықтар бұрыштама добын да жиі орындайды – 6,82 қарсы 5,73. Допқа иелік ету көрсеткіші бойынша да айқын басымдық "Барса" жағында – 69,91%-ға қарсы 59,09%.

Тәртіп

"Атлетико" "Барселонадан" фол саны бойынша алда – 11,45 қарсы 10,55. Ескерту саны да мадридтіктерде көбірек – бір матчқа орта есеппен 2,18 сары қағаз, ал каталониялықтарда 1,55.

Қызыл қағаз бойынша да айырмашылық бар. "Атлетико" сапында Робин Ле Норман алаңнан қуылған, ал "Барселонада" әзірге мұндай жағдай болмаған.

Өзара кездесулер тарихы

Алдағы матч бұл екі команданың тарихындағы 255-кездесу болмақ. Бұған дейінгі 254 ойында "Барселона" 117 рет жеңіске жетсе, "Атлетико" 80 рет басым түскен. Тағы 57 матч тең аяқталған.

Соңғы уақытта мадридтік команда каталониялықтарға жиі қиындық туғызып жүр. "Барселона" жалпы есепте әлі де жиі жеңіске жеткенімен, "Атлетико" оларды қатарынан екі плей-оффтан – Испания кубогы мен Чемпиондар лигасынан шығарып жіберді.

Ал Ла Лига аясындағы соңғы он өзара матчтың тек екеуінде "Атлетико" жеңіске жеткен. Қалған сегіз кездесудің бәрінде "Барселона" басым түсті.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары Мадридтегі матч нәтижелі әрі тартысты өтетініне сенімді. Олардың болжамынша, командалар жанкүйерлеріне ашық футбол ұсынып, матчта көп гол соғылуы ықтимал.

Сондай-ақ сарапшылар қонақтар кемінде екі рет мергендік танытады деп есептейді. Ең ықтимал гол авторы ретінде "Барселонаның" бразилиялық шабуылдаушы жартылай қорғаушысы, Испания чемпионатының 2026/27 маусымындағы үздік сұрмергені Рафинья аталады.

Қорытынды
Фото: olimpbet.kz

Англия. Премьер-лига. 10-тур. "Манчестер Юнайтед" – "Астон Вилла". 8 қараша, 21:30

АПЛ-де жексенбі кешіндегі басты назар "Олд Траффордтағы" "Манчестер Юнайтед" пен "Астон Вилла" арасындағы матчқа аударылады.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелеріне едәуір басымдық береді және "Манчестер Юнайтед" Бирмингем командасының қақпасына кемінде екі гол соғуы мүмкін деп есептейді.

Турнирлік жағдай және соңғы матчтар

Командалар Премьер-лига кестесінде бір-біріне жақын орналасқан. Алайда олардың қазіргі орындары екі клубтың жанкүйерлерін де қанағаттандыра қоймайды. Егер "Астон Вилла" жағдайын біртіндеп түзеп келе жатса – команда АПЛ-дегі соңғы бес матчтың бірде-бірінде жеңілген жоқ, "Манчестер Юнайтед" маусым басталғалы тоғыз турда небәрі бір рет жеңіске жеткен.

Дегенмен апта ортасында Чемпиондар лигасында командалардың көңіл күйі әртүрлі болды. МЮ "Романы" 3:2 есебімен жігерлі камбэк жасап жеңді.
Ал "Астон Вилла" "Барселонадан" 0:3 есебімен ойсырай ұтылды.

Статистика

Екі командаға да Англия чемпионатында гол соғу оңай болмай жүр. "Манчестер Юнайтед" пен "Астон Вилланың" еншісінде 10 голдан бар. Екі клубтың да доп айырмасы теріс. "Қызыл сойқандар" 15 гол жіберсе, "арыстандар" 13 доп өткізген. 

Басқа негізгі көрсеткіштер бойынша "Юнайтед" едәуір алда. МЮ футболшылары бір матчта орта есеппен 18,33 рет қақпаға соққы жасайды, ал "Астон Вилла" – 11,89. Қақпаға дәл соққы саны – 4,78 қарсы 3. Бұрыштама – 6,11 қарсы 3,67. Допқа иелік ету көрсеткіші де "Манчестер Юнайтед" пайдасына – 54,33%-ға қарсы 45,89%.

Өзара кездесулер тарихы

"Қызыл сойқандар" өзара кездесулер статистикасында "Астон Вилладан" айқын басым. "Манчестер Юнайтед" 108 матчта жеңіске жеткен, "Астон Вилла" 53 рет басым түскен, тағы 43 кездесу тең аяқталған.

"Олд Траффордтағы" статистика "арыстандар" үшін одан да сәтсіз. Бирмингемдік команда "Армандар театрында" өткен соңғы алты матчтың бәрінде жеңіліп қалған.

Кадрлық жағдай

Екі команданың да жарақат алған ойыншылары көп. Оған қоса, әр командада бір-бірден дисквалификацияланған футболшы бар. МЮ бапкерлер штабы "Челсиге" қарсы матчта алаңнан қуылған орталық қорғаушы Лисандро Мартинеске сенім арта алмайды.

Ал "Астон Вилла" сапында қорғаныстың негізгі ойыншыларының бірі Мэтти Кэш алаңға шықпайды. Ол чемпионат басталғалы бес сары қағаз алып үлгерген.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары матчтағы алғашқы голды алаң иелері соғады деген пікірде. Олардың бағалауынша, "Манчестер Юнайтед" есепті бірінші таймның өзінде ашуы ықтимал.

Бұл ойында бұрыштама саны да көп болады деп күтіледі – кемінде он. Осы көрсеткіш бойынша да басымдық "қызыл сойқандарға" беріліп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?