Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дакарда Қазақстанның екінші боксшысы финалға өтті

Бейбарыс Әшірбай Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 турнирінің жартылай финалында мексикалық қарсыласын жеңді.

Дакарда Қазақстанның екінші боксшысы финалға өтті
instagram.com/olympickz/

Әшірбай қарсыласын 5:0 есебімен жеңді

Сенегал астанасында өтіп жатқан жарыста 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әшірбай мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің барлығы жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Ал мексикалық боксшы турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Әшірбай – Дакардағы бокс бәсекесінде ақтық сынға шыққан екінші қазақстандық боксшы. Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Ақнұр Тұрсынғали финалға өткен. Ол жартылай финалда украиналық Евангелина Петрукты жеңді.

Енді Қазақстанның қос өкілі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атану үшін рингке шығады.

Дакарда Қазақстан атынан кімдер жұдырықтасып жатыр?

Жасөспірімдер Олимпиадасының бокс турнирі 7–12 қараша аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа үш боксшы апарған:

  • Бейбарыс Әшірбай – 70 келіге дейін;
  • Ақнұр Тұрсынғали – 57 келіге дейін;
  • Марал Төлепберген – 54 келіге дейін.
Бұл туралы не ойлайсыз?