"Канело" залындағы қазақ боксшы үздіктер көшін бастады
Егер боксшы 12 айдан астам уақыт ресми жекпе-жек өткізбесе, ол рейтингке енбейді.
Кәсіпқой боксшылардың статистикасын жүргізетін BoxRec базасы салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын Қазақстанның жаңартылған P4P рейтингін жариялады.
Жаңа тізімде бірінші орынға екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет көтерілді. Екінші сатыда Сұлтан Зәуірбек, ал үздік үштікті Бекман Сойлыбаев түйіндеп тұр.
BoxRec нұсқасы бойынша Қазақстанның топ-10 боксшысы:
- Бек Нұрмағанбет
- Сұлтан Зәуірбек
- Бекман Сойлыбаев
- Армат Арманұлы
- Әли Ахмедов
- Евгений Павлов
- Елшат Нығметолла
- Сергей Липинец
- Сәкен Бибосынов
- Саматәлі Төлтаев
Жәнібек Әлімханұлы рейтингке енбеді
Жаңартылған тізімде орта салмақта IBF және WBO чемпиондық белбеулеріне иелік еткен Жәнібек Әлімханұлы жоқ.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде өткізген.
BoxRec ережесіне сәйкес, егер боксшы 12 айдан астам уақыт ресми жекпе-жек өткізбесе, ол белсенді спортшылар рейтингінен шығарылады.
Бек Нұрмағанбет көш бастады
Осылайша қазіргі рейтингте Қазақстанның ең жоғары позициясындағы кәсіпқой боксшысы – Бек Нұрмағанбет.
Одан кейін Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев орналасқан.