Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бес медаль: Қазақстан әлем чемпионатында үздік үштікке кірді

Ұлттық құрама балуандары турнир қорытындысы бойынша командалық есепте екінші орын иеленді. 

Бес медаль: Қазақстан әлем чемпионатында үздік үштікке кірді
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Ұлттық құрама турнир қорытындысы бойынша 5 медаль жеңіп, командалық есепте екінші орынға ие болды.

Екі қазақстандық әлем чемпионы атанды

Қазақстан қоржынына түскен бес жүлденің екеуі алтын болды.

Әлем чемпионы атанғандар:

  • Айбек Айтбеков – 60 келіге дейін;
  • Юсуф Ашрапов – 72 келіге дейін.

Тұрдақын күміс, Жұма мен Ұзаров қола алды

87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күміс медаль иеленді.

Ал Арсен Жұма 55 келіге дейінгі салмақта және Джохар Ұзаров 130 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Осылайша, Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі – 2 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Командалық есепте Қазақстан 114 ұпай жинады.

Бірінші орынға 119 ұпаймен Иран құрамасы шықты.

Ал 105 ұпай жинаған Ресей командасы үздік үштікті түйіндеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?