Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ұлттық құрамадан кетпек болған сұрмерген қайта оралды

Футзалдан Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Дуглас Жуниор ұлттық командаға қайта қосылды.

Ұлттық құрамадан кетпек болған сұрмерген қайта оралды
Vesti.kz

Былтыр құрамадан кететінін айтқан

Бразилияда дүниеге келген футзалшы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Беларуське қарсы матчқа дайындық үшін Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына келді. KFF Futsal баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Дуглас Жуниордың командаға қосылған сәтінен видео жариялады.

"Кімнің оралғанын табыңыз. Дуглас ұлттық құрамаға қосылды", – делінген жазбада.

Дуглас Жуниор былтыр Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген. Қазір ол Сауд Арабиясының "Әл-Ула" футзал клубында өнер көрсетеді.

Дуглас Қазақстан құрамасының тарихындағы ең нәтижелі ойыншы саналады. Ол ұлттық команда сапында 91 матч өткізіп, 65 гол соқты.

Қазақстан – Беларусь матчы қашан өтеді?

2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Беларусь кездесуі 20 қазанда Астанада өтеді. Матч Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?