Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Пайруздың шешуші голы: "Елімай" сырт алаңда "Атырауды" жеңді

Семейдің "Елімайы" Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 14-тур матчында "Атырауды" 2:1 есебімен ұтты.

Пайруздың шешуші голы: "Елімай" сырт алаңда "Атырауды" жеңді
kazfootball.kz

Кездесуде есепті 39-минутта "Елімай" қорғаушысы Әрсен Әшірбек ашты. Алаң иелері 85-минутта Джордже Пантеличтің дәл соққысынан кейін есеп 1:1 болды. Алайда екі минуттан соң Жан-Әли Пайруз семейліктердің жеңіс голын соқты.

Осы жеңістен кейін семейлік клуб 41 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында қалды. Ал "Атырау" 26 ұпаймен 12-сатыда тұр.

Келесі турда Андрей Карповичтің шәкірттері өз алаңында Жезқазғанның "Ұлытау" клубын қабылдайды. "Атырау" Өскеменге барып, "Алтаймен" кездеседі.

Бұған дейін ҚПЛ-дің тағы бір кейінге шегерілген матчында Павлодардың "Ертісі" "Астанаға" 0:1 есебімен есе жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Клуб беті: Елімай 6-орын