Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Атырау" бірде-бір матч өткізбеген легионерге 19,25 млн теңге төлейді

ФИФА "Атырау" клубын ганалық шабуылшы Гилберт Кумсонға жалақы қарызы мен келісімшарт талаптарының бұзылғаны үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.

"Атырау" бірде-бір матч өткізбеген легионерге 19,25 млн теңге төлейді
фото ашық дереккөзден алынды

Клуб қанша қаражат төлеуі керек?

Amanvibe.kz мәліметінше, ФИФА-ның Дауларды шешу палатасы "Атырау" мен Кумсон арасындағы еңбек дауына қатысты шешім шығарған. Клуб футболшыға мына сомаларды төлеуге тиіс:

5,5 млн теңге – жалақы бойынша берешек;

13,75 млн теңге – келісімшарт талаптарының бұзылғаны үшін өтемақы.

Жалпы сома 19,25 млн теңге болды. Бұған жылдық 5% мөлшерлемемен есептелетін пайыздар кірмейді.

Кумсон неге ФИФА-ға жүгінді?

Дереккөздің жазуынша, "Атырау" оның виза және жұмыс істеуге рұқсат алуына қажетті құжаттарды рәсімдемеген. Сонымен бірге шабуылшының матчтарға қатысуына жағдай жасалмаған.

Осыдан кейін Кумсон келісімшартты бұзып, өз құқығын қорғау үшін ФИФА-ға шағым түсірген.

Ганалық шабуылшы клубпен келісімшарт жасасқанымен, "Атырау" жейдесінде бірде-бір ресми матч өткізбеген. Соған қарамастан еңбек дауының қорытындысы бойынша клубқа жалақы берешегі мен өтемақыны төлеу міндеті жүктелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?