Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Аида Әбікеева Азия ойындарынан кейін маңызды шешім қабылдады

2026 жылғы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында Аида Әбікеева ширек финалда сүрінген еді. 

Аида Әбікеева Азия ойындарынан кейін маңызды шешім қабылдады
olympic.kz

Қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева 2026 жылғы Қазақстан чемпионатына дайындықты бастады.

Оның жеке бапкері Ислам Әбдірайымов Instagram парақшасында жаттығу залынан фото жариялады. Кадрда Аида Әбікеевадан бөлек, 2026 жылғы Азия чемпионы Дина Исламбекова және жастар арасындағы әлем чемпионы Жасмин Қизатова бар.

"Қазақстан чемпионатына дайындық! Үздіктер! Керемет жаттығудан кейін!" – деп жазылған стористе.

Аида Әбікеева Азия ойындарынан кейін маңызды шешім қабылдады
Скриншот

Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылады?

Бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылғы Қазақстан чемпионатына қатысудан тек Азия ойындарының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова босатылатынын айтқан.

Айта кетейік, 2026 жылғы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол алғашқы жекпе-жегінде Қытай өкілі Ли Шумен кездесті.

Үш раундқа созылған айқаста екі боксшы да ереже бұзғаны үшін айып ұпайларын алды. Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті Қытай спортшысына берді – 4:0. Осылайша, Аида Әбікеева Азия ойындарындағы жарысын ширек финалда аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?