Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

UFC президенті Шавкат Рахмоновтың айқасына қатысты мәлімдеме жасады

Дана Уайттың айтуынша, жанкүйерлер үшін жыл соңы келер жылдың қаңтар айы өте қызық болады. 

UFC президенті Шавкат Рахмоновтың айқасына қатысты мәлімдеме жасады
Offside.kz

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмонов пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді.

"Мүмкін, мүмкін. Қазір біз кеше талқылаған көптеген қызықты жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Алда жақсы анонстар көп болады. Биылғы жылдың соңы керемет өтеді деп ойлаймын. Одан кейін қаңтар мен ақпан да өте қызық болады", – деді UFC президенті.

Уайт нақты жекпе-жек бекітілгенін растаған жоқ, бірақ бұл нұсқаны жоққа да шығармады. 

Моралес Рахмоновты "дивизионның финалдық боссы" деп атады

Бұған дейін Майкл Моралес әлеуметтік желіде Шавкат Рахмонов туралы видео жариялап, қазақстандық файтерді "дивизионның финалдық боссы" деп атаған болатын. Сондай-ақ ол Рахмоновпен октагонда кездесуге ниетті екенін білдірді.

Қазақстандық файтер де жауапсыз қалмады. Рахмонов TikTok парақшасында:

"19-0 VS 19-0", – деген жазбамен видео жариялады.

Айта кетейік, екі спортшының да кәсіпқой ММА-дегі рекорды – 19-0.

Жекпе-жек UFC 336 турнирінде өтуі мүмкін

Америкалық инсайдер Рубен Картердің мәліметінше, жеңілмеген екі жартылай орта салмақ өкілінің кездесуі UFC 336 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірі ретінде қарастырылып жатыр.

Аталған турнир 2027 жылғы 30 қаңтарда Торонтода өтуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?