Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Аңыз футболшы әйгілі бұйра шашын алып, жаңа бейнесін көрсетті

Колумбия футболының аңызы, 65 жастағы Карлос Вальдеррама көпшілікке танымал қалың бұйра шашын түгелдей алып тастады.

Аңыз футболшы әйгілі бұйра шашын алып, жаңа бейнесін көрсетті
latintimes.com

1990-жылдары футбол шеберлігімен қатар ерекше шаш үлгісімен де танылған Вальдеррама басын тақырлап алуға жұбайынан көмек сұраған. Кейін ол нәтижесін Instagram желісінде көрсетті.

Колумбия құрамасындағы бұрынғы әріптестері мен достары оның жаңа келбетін ұнатып, жұбайының жұмысына оң баға берген.

"Пибе" лақап атымен танылған Вальдеррама Колумбия құрамасы сапында 1990, 1994 және 1998 жылдардағы әлем чемпионаттарына, сонымен қатар Америка кубогының бес турниріне қатысқан.

Ол екі рет Оңтүстік Американың үздік футболшысы атанды. Сонымен бірге Вальдеррама – FIFA 100 тізіміндегі әлемнің ең ұлы 125 футболшысының қатарына енген жалғыз колумбиялық.

Бұл туралы не ойлайсыз?