Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шерзод Давлатов ӘЧ-2026 күмісінен кейін үйленді: тойға Елдос Сметов қатысты

Дзюдодан Бакудегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатов елге оралған соң үйлену тойын өткізді.

Шерзод Давлатов ӘЧ-2026 күмісінен кейін үйленді: тойға Елдос Сметов қатысты
instagram.com/sherzad_davlatov/

Давлатовтың тойына Олимпиада жүлдегерлері келді

Давлатовтың қуанышына ортақтасқан қонақтардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев болған.

Бакудегі әлем біріншілігінен кейін Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі – Нұрқанат Серікбаев та шаңырақ көтерді.

Шерзод Давлатовтың жетістіктері

24 жастағы Давлатов ӘЧ-2026 турнирінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде әзербайжандыққа есе жіберді. Осылайша қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.

Ол 2025 жылы Азия чемпионатында қола жүлде алып, Ислам ойындарында екінші орынға ие болған.

Ал 23 жастағы Нұрқанат Серікбаев – кадеттер арасындағы әлем чемпионы әрі Гран-при кезеңдерінің жеңімпазы. Сонымен қатар 2025 жылы Германияда өткен жазғы Универсиадада қола медаль жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?