Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сметов пен Қырғызбаев Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады

Байрақты бәсекеде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды.

Сметов пен Қырғызбаев Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады
liter.kz

Абу-Дабидегі турнирге қатысатындар белгілі болды

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, Абу-Дабиде өтетін "Үлкен дулыға" турниріне Қазақстан ерлер құрамасынан жеті дзюдошы тіркелген. Ұлттық құрама сапында тәжірибелі дзюдошылармен қатар жастар да бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

60 келі: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов;
81 келі: Жалғас Қайролла;
90 келі: Айдар Арапов;
100 келі: Марат Байқамұров.

Сметов Азия ойындарынан кейін татамиге қайта шығады

Қазақстандық дзюдоның көшбасшысы Елдос Сметов үшін Абу-Дабидегі жарыс 2026 жылғы Азия ойындарынан кейінгі кезекті халықаралық сын болмақ. Еске салайық, 30 қыркүйекте Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарында Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Ол финалдық белдесуде жапониялық Хаято Кондоға есе жіберді.  Енді Олимпиада чемпионы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі беделді турнирде тағы да жүлде үшін таласады.

Дзюдодан Abu Dhabi Grand Slam 2026 халықаралық турнирі 29–31 қазан аралығында өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының алдын ала мәліметіне сәйкес, жарысқа әлемнің 61 елінен 415 дзюдошы қатысуға тіркелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?