Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

ӘЧ-2026: Қазақстанның төрт боксшысы бүгін рингке шығады

Айқастар күндізгі және кешкі сессияларға бөлінген. Күндізгі бағдарлама Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.

ӘЧ-2026: Қазақстанның төрт боксшысы бүгін рингке шығады
tengrisport.kz

Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

19 қазанда Қазақстан құрамасының төрт боксшысы кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Айқастар күндізгі және кешкі сессияларға бөлінген.

Күндізгі сессия: екі қазақстандық жұдырықтасады

Күндізгі бағдарлама Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.

54 келіге дейінгі салмақта Жанель Имантаева ширек финал жолдамасы үшін Шотландия өкілі Роси Свейлспен кездеседі.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Әшірбай 1/16 финалда аргентиналық Сантьяго Хименес Лоссомен жұдырықтасады.

Кешкі сессияда тағы екі жекпе-жек өтеді

Кешкі бағдарлама Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

60 келіге дейінгі салмақта Данияр Ақбисенов Грузия өкілі Сандро Капанадземен кездеседі.

75 келіге дейінгі салмақта Әмір Рамазан Өзбекстан боксшысы Сухроб Рахматуллаевпен күш сынасады.

U19 әлем чемпионатының жекпе-жектерін World Boxing Watch платформасынан тікелей эфирде көруге болады. Трансляция ақылы. 

Қазақстан құрамасы әзірге жеңіліссіз

World Boxing ұйымының аясындағы U19 әлем чемпионаты 16 қазанда басталды.

Алғашқы үш жарыс күнінде Қазақстан құрамасының бес өкілі рингке шығып, барлығы жеңіске жетті:

  • Айдос Үсенов – 55 кг;
  • Айсұлу Мұхит – 65 кг;
  • Ақжүрек Қалабай – 65 кг;
  • Руслан Ахметов – 85 кг;
  • Владислав Саможонов – +90 кг.
Бұл туралы не ойлайсыз?