Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Matchday: "Ордабасы" "Қайраттың" үмітін үзді

"Ордабасы" Қазақстанның екі дүркін чемпионы атануға бір қадам қалды.

ҚПЛ маусымының аяқталуына екі тур қалды. Шымкенттік клуб қалған екі кездесудің бірінде жеңіске жетсе, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етеді.

ҚПЛ-дің шешуші кезеңі туралы

"Бірінші болдың" бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турына арналды.

Тұрақты спикерлер "Ақтөбе" – "Ордабасы" арасындағы маңызды кездесуге тоқталып, чемпиондық жарыстың қазіргі жағдайын талқылады.

Бағдарламада "Астана", "Қайрат", "Тобыл" және "Оқжетпестің" соңғы матчтары да талданды. Командалардың ойыны, маусым соңындағы мүмкіндіктері және турнир кестесіндегі жағдайы сөз болды.

ҚПЛ-ден қай клуб кетеді?

Шығарылымда чемпиондық бәсекемен қатар, Премьер-лигада қалу үшін жүріп жатқан күрес те назардан тыс қалмады.

Спикерлер маусым қорытындысы бойынша ҚПЛ-ден төменгі дивизионға түсіп қалуы мүмкін екі команданы болжап көрді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?