Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

ЖБ Шоу! Чемпиондар лигасында фаворит кім?

Шығарылымда "Реал", "Барселона", ПСЖ, "Манчестер Сити" және басқа да еуропалық алпауыттардың мүмкіндіктері сараланды.

Жаңа шығарылымда резиденттеріміз Чемпиондар лигасының алдағы матчтарына болжам жасап, Еуропаның жетекші клубтарының қазіргі жағдайын талқылады.

Винисиус неге бұрынғы деңгейінде емес?

"Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниордың қазіргі формасы жеке тақырып болды. Оның ойынына не әсер етіп жүр және бразилиялық футболшы бұрынғы деңгейіне қайта орала ала ма? Резиденттер бағдарлама барысында осыған жауап іздеді. 

Сонымен қатар, "Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямалдың деңгейі мен "Алтын допқа" таласы да назардан тыс қалмады. Оның басты артықшылықтары қандай және әлемнің үздік футболшысы атану үшін тағы не қажет?

Чемпиондар лигасында кімнен не күтеміз?

Шығарылымда "Реал", "Барселона", ПСЖ, "Манчестер Сити" және басқа да еуропалық алпауыттардың мүмкіндіктері сараланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?