Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

16 жастағы қазақстандық дзюдошы енді Олимпиадада бақ сынайды

Жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтеді. 

16 жастағы қазақстандық дзюдошы енді Олимпиадада бақ сынайды
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева әлем чемпионатындағы тарихи жеңісінен кейін келесі ірі жарысына дайындалып жатыр.

52 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған спортшы Қазақстан атынан Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтеді. 16 жастағы Фатима Сұпығалиева бұл додада 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.

Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы

Сұпығалиева бұған дейін Қазақстан дзюдосының тарихына енген. 22 тамызда Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем чемпионатында ол жеңіске жетіп, Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанған дзюдошы қыз болды.

Фатима Сұпығалиеваның басты жетістіктері

  • 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының жеңімпазы;
  • 2026 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионы;
  • 2026 жылғы командалық әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • Қазақстан Республикасының спорт шебері;
  • халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазір Сұпығалиева өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?