Самат Смақовтың ұлы "Бешікташ" сапында бесінші голын соқты
Қазақстандық жартылай қорғаушы Аламгир Смақов Түркияның U19 чемпионатында тағы бір гол соқты.
Смақов 54-минутта гол соқты
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Түркияның 19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы чемпионатының алтыншы турында мергендігімен ерекшеленді.
"Коджаэлиспорға" қарсы кездесудің 54-минутында қарсылас қақпасын дәл көздеген қазақстандық ойыншы "Бешікташ" сапындағы гол санын беске жеткізді.
"Бешікташ" алты матчтың бәрінде жеңіске жетті
Кездесуде ыстанбұлдық команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. "Бешікташ" жастар біріншілігінде әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Команда алты турда алты рет жеңіске жетіп, 18 ұпай жинады.
Аламгир Смақов та нәтижелі ойынын жалғастырып, түркиялық клубтың жетістігіне үлес қосып келеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?