Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дастан Сәтпаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстандық шабуылшы жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Дастан Сәтпаев қазақстандықтарға үндеу жасады
instagram/d.satpayev

Дастан Сәтпаев "Бернли" клубының алдағы ойындарына қатысты пікір білдірді. 

"Қолдауларыңызға рақмет, қазақстандықтар! Алға, "Бернли"! Әрі қарай да алға жылжи береміз", — деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

18 жастағы шабуылшы бұлшықетіндегі жарақатқа байланысты "Бернлидің" төрт кездесуін өткізіп алды. Футболшы сондай-ақ Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы матчтарына Фарер аралдары, Словакия және Молдоваға қарсы кездесулерге қатыспады. 

10 қазанда Чемпионшиптің тоғызыншы турында "Уотфордқа" қарсы өткен кездесуде Сәтпаев алаңға қайта оралып, ойынды қосалқы құрамда бастады. Бұл кездесуде "Бернли" қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Қазақстандық футболшы матчтың 74-минутында алаңға шығып, Якуб Бруун Ларсеннің орнын басты. Бұл - осы маусымдағы Чемпионшиптегі алғашқы жеңісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?