Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ұлытау" "Оқжетпестің" үздік үштікке көтерілуіне кедергі болды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында "Ұлытау" өз алаңында "Оқжетпесті" 2:0 есебімен жеңді.

"Ұлытау" "Оқжетпестің" үздік үштікке көтерілуіне кедергі болды
instagram/@fcokzhetpes

Бірінші таймда есеп ашылмады

Кездесуге дейін "Оқжетпес" турнир кестесінде төртінші, ал "Ұлытау" сегізінші орында тұрған.

Алғашқы таймда көкшетаулықтар аумақтық басымдыққа ие болды. Бірақ қонақтар үзіліске дейін қарсылас қақпасына гол соға алмады.

Зұлфиқаров гол соғып, нәтижелі пас берді

Екінші таймда алаң иелері бастаманы қолға алып, аз уақыттың ішінде екі гол соқты.

48-минутта камерундық Артур Бугнон "Ұлытауды" алға шығарды. Оған Бақдәулет Зұлфиқаров нәтижелі пас берді.

Ал 55-минутта Зұлфиқаровтың өзі көзге түсіп, жезқазғандықтардың басымдығын еселей түсті. Осылайша, шабуылшы кездесуді бір гол және бір нәтижелі паспен аяқтады.

"Оқжетпес" бесінші орынға түсті

Осы жеңістен кейін "Ұлытау" 35 ұпай жинады. Жезқазғандық клуб әзірге сегізінші орында қалды.

"Оқжетпес" үздік үштікке көтерілу мүмкіндігін пайдалана алмай, төртінші орыннан бесінші сатыға сырғыды. Көкшетаулықтардың еншісінде 27 матчтан кейін 45 ұпай бар.

Келесі турда "Ұлытау" Семейде "Елімаймен" кездеседі. Матч 18 қазанда сағат 16:00-де басталады.

Ал "Оқжетпес" 17 қазанда сағат 15:00-де өз алаңында Петропавлдың "Қызылжарын" қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Ұлытау 8-орын