Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ақтөбе" "Елімайды" жеңіп, еурокубок аймағына жақындай түсті

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында Семейде "Елімайдан" басым түсті. 

"Ақтөбе" "Елімайды" жеңіп, еурокубок аймағына жақындай түсті
Instagram/@fcaktobe_official

Ерланов пен Оджо "Ақтөбені" алға шығарды

Қонақтар кездесудің 15-минутында есеп ашты. Алғашқы голдың авторы — Темірлан Ерланов.

Екінші таймның басында ақтөбеліктер басымдығын арттырды. 49-минутта Шейи Оджо мергендігімен көзге түсті.

Алаң иелері 83-минутта есеп айырмасын қысқартты. Қонақтардың қорғаушысы Бағдат Қайыров допты өз қақпасына соғып алды. Дегенмен қонақтар жеңісті қолдан шығармады. 89-минутта Артур Шушеначев гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 3:1.

ҚПЛ кестесіндегі жағдай

Жеңістен кейін "Ақтөбе" 45 ұпаймен төртінші орында тұр. Команда 40 гол соғып, өз қақпасына 32 доп өткізіп алған.

"Елімай" 38 ұпаймен алтыншы сатыда қалды. Семейлік клубтың соққан және жіберген голдарының көрсеткіші — 36:25.

Алдағы турда "Елімай" сырт алаңда "Атыраумен" кездеседі. Ал "Ақтөбе" өз стадионында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Елімай 6-орын