Мбаппе Чемпиондар лигасында Мессидің рекордын қайталады
Мбаппеге дейін Чемпиондар лигасында 28 жасқа толмай тұрып 75 гол межесінен асқан жалғыз футболшы Лионель Месси болған.
27 жастағы шабуылшы Чемпиондар лигасында соққан голдар саны 76-ға жетті.
Мадридтік "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе УЕФА Чемпиондар лигасында тарихи көрсеткішке қол жеткізді.
Франциялық футболшы турнир тарихында 28 жасқа толмай тұрып 75 және одан көп гол соққан екінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай нәтижеге тек Лионель Месси жеткен.
ПСВ-ға қарсы матчта дубль жасады
Мбаппе тарихи межеге Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда ПСВ-ға қарсы ойында жетті.
"Реал" Нидерланд клубын 5:1 есебімен жеңді. Франциялық шабуылшы екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ол кездесудің 64 және 84-минуттарында мергендігімен көзге түсті.
Осы матчтан кейін Мбаппенің Чемпиондар лигасындағы гол саны 76-ға жетті.
Мессидің көрсеткішін қайталады
Мбаппеге дейін Чемпиондар лигасында 28 жасқа толмай тұрып 75 гол межесінен асқан жалғыз футболшы Лионель Месси болған. Енді француз шабуылшысы да осы ерекше көрсеткішке қол жеткізді.
Айта кетейік, Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы тарихындағы ең нәтижелі футболшылар тізімінде қазір бесінші орында тұр.
Үздік бестік:
- Криштиану Роналду – 140 гол;
- Лионель Месси – 129 гол;
- Роберт Левандовски – 109 гол;
- Карим Бензема – 90 гол;
- Килиан Мбаппе – 76 гол.