Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Егіз балам болғанын қалаймын": Қуат Хамитов отбасын құру туралы жоспарын ашық айтты

Файтер отбасы құруға дайын екенін және болашақта егіз баланың әкесі болғысы келетінін жасырмады. 

"Егіз балам болғанын қалаймын": Қуат Хамитов отбасын құру туралы жоспарын ашық айтты
time.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов болашақ отбасы, жар таңдауы және балаларына қатысты жоспарын бөлісті.

Спортшы "Наш боец" YouTube-арнасына берген сұхбатында отбасы құруға дайын екенін және болашақта егіз баланың әкесі болғысы келетінін айтты.

Сұхбат барысында Хамитовқа өзіне ұнайтын, бірақ ата-анасының көңілінен шықпаған қызға қатысты сұрақ қойылды.

"Біріншіден, ондай қызды кездестірсем, бірден үйленемін. Екіншіден, әйеліне ешқашан опасыздық жасамаған әлемдегі жалғыз ер адам болғым келеді", – деді Хамитов.

Егіз баланы армандайды

Хамитов болашақта екі егіз баланың әкесі болғысы келетінін де жасырмады.

"Екі егіз балам болғанын қалаймын. Оларды өзім жаттықтырғым келеді. 75 жасқа келгенде, шашым ағарып, ақ костюм киіп отырып, ұлымның жекпе-жегін көріп отырғанымды елестетемін", – деді ол.

Файтер балаларының спортпен айналысқанын қалайтынын да айтты.

"Біреуі ММА-дан чемпион, екіншісі кәсіпқой бокстан чемпион болса деймін. Егіз балам болғанын, отбасылы адам болғым келеді", – деді "Найман".

Бұл туралы не ойлайсыз?