Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дастан Сәтпаевтың ойын уақыты неге шектелді? "Бернлидің" бапкері түсіндірді

"Бернлидің" бас бапкері Ники Хайен жарақаттан кейін алаңға оралған Дастан Сәтпаевтың жағдайына тоқталды. 

Дастан Сәтпаевтың ойын уақыты неге шектелді? "Бернлидің" бапкері түсіндірді
instagram/@burnleyofficial

Сәтпаевтың жүктемесі біртіндеп артады

"Уотфордқа" қарсы жеңісті кездесуде Дастан Сәтпаев алаңда шамамен 20 минут өткізді. Хайеннің айтуынша, ағылшын футболындағы тығыз матч кестесіне бейімделу үшін шабуылшының жүктемесін мұқият бақылау қажет.

Бапкер Сәтпаевтың бұған дейін аптасына үш кездесу өткізуге дағдыланбағанын атап өтті. Сондықтан медициналық штабпен бірге осы матчта оған шамамен 20 минут ойнауға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданған.

Келесі ойын сейсенбіге жоспарланғандықтан қалпына келуге уақыт аз. Осы аралықта клуб футболшының жағдайын бақылап, жарақаттың қайталануына жол бермеуді көздейді.

Хайен шабуылшының дайындығына риза

"Бернлидің" бас бапкері қазақстандық футболшының жаттығуда өзін жақсы көрсеткенін жеткізді. Оның бағалауынша, Сәтпаев алаңға шыққан сәттен-ақ қарсылас қорғанысына қауіп төндіре алады.

Сонымен қатар Хайен жеңіске бүкіл команданың үлес қосқанын айтты. Маман әр ойыншы өз мүмкіндігін толық көрсете алса, "Бернли" осы маусымда жақсы нәтижеге жетк алатынына сенімді.

"Уотфордқа" қарсы матчта не болды?

Чемпионшиптің тоғызыншы турында "Бернли" сырт алаңда "Уотфордты" 4:0 есебімен жеңді.

Дастан Сәтпаев 74-минутта қосалқы құрамнан ойынға қосылды. Ол кездесудің соңында Джейми Вардиге нәтижелі пас бергенімен, офсайдқа байланысты гол есепке алынбады.

Бұл туралы не ойлайсыз?