Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Челси" Дастан Сәтпаевқа тыйым салды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың "Бернли" мен "Чарльтон Атлетик" арасындағы Чемпионшип матчына қатыспау себебі белгілі болды.

"Челси" Дастан Сәтпаевқа тыйым салды
instagram/d.satpayev

Лондондық "Челси" қазақстандық футболшының бұл кездесуде алаңға шығуына рұқсат бермеген. Burnley Express басылымының журналисі Мэтт Скрафтон әлеуметтік желіде "Бернли" бапкері Ники Хайеннің мәлімдемесін жеткізді. Қазақстандық шабуылшының матчқа қатыспауы клубтардың шешімімен байланысты болған.

"Ники Хайен жаңа ғана "Челси" Дастан Сәтпаевқа бүгін кешке ойнауға рұқсат бермегенін хабарлады", — деп жазды журналист.

"Бернли" қауіпті аймақтан көтерілді

"Бернли" мен "Чарльтон Атлетик" арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері жеңісті сақтап қала алмады, қарсылас команда 96-минутта есепті теңестірді. Ойыннан кейін "Бернли" Чемпионшиптің турнир кестесіндегі "қауіпті" аймақтан шығып, 21-орынға көтерілді.

18 жастағы Дастан Сәтпаев осы маусымда Чемпионшипте төрт матч өткізді. Футболшы жарақатынан кейін "Уотфордпен" кездесуде алғаш рет алаңға шықты. 10 қазанда өткен матчта "Бернли" сырт алаңда қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?