Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Загребтегі турнирге баратын дзюдошыларды жариялады

Өткен жылы қазақстандық дзюдошылар Загребте өткен бұл турнирге қатыспаған еді.

Қазақстан Загребтегі турнирге баратын дзюдошыларды жариялады
olympic.kz

Қазақстан құрамасы Хорватия астанасы Загребте өтетін дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін анықтады.

Рейтингтік турнир 13-15 қараша аралығында өтеді. Қазақстан атынан ерлер мен әйелдер арасында бірқатар тәжірибелі дзюдошы татамиге шығады.

Ерлер құрамасы

  • 60 кг: Аман Бақытжан, Нұрәділ Алжан
  • 66 кг: Нұрқанат Серікбаев
  • 73 кг: Бақытжан Абдурахманов
  • 90 кг: Ермахан Ануарбеков, Нұржан Бисенов
  • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Жантүлек Нұртылепұлы

Әйелдер құрамасы

  • 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
  • 57 кг: Дана Әбдірова
  • 63 кг: Есмигүл Куюлова
  • 70 кг: Ажар Асхат
  • 78 кг: Екатерина Токарева
  • +78 кг: Аида Тойшыбекова

Қазақстан былтыр Загребте қатыспаған

Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық дзюдошылар Загребте өткен бұл турнирге қатыспаған еді.

Биыл Қазақстан құрамасы рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын додаға кеңейтілген құраммен бармақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?