Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Бәріміз оның қандай екенін білеміз": Әлімханұлы мен Адамес арасындағы текетірес жалғасты

Жәнібек Әлімханұлы WBC тұжырымы бойынша қазіргі чемпион Карлос Адаместің Zuffa Boxing лигасымен келісімшартқа отыруына қатысты пікір білдірді.

"Бәріміз оның қандай екенін білеміз": Әлімханұлы мен Адамес арасындағы текетірес жалғасты
instagram/janibek_alimkhanuly

Бұл ұйымның негізін қалаушылардың бірі — UFC президенті Дана Уайт. Zuffa Boxing доминикандық боксшымен ынтымақтастық орнатқанын жариялаған кезде, Адаместі "ең көп жекпе-жектен қашатын боксшылардың бірі" деп сипаттады. Алайда Жәнібек Әлімханұлы бұл пікірмен келіспейтінін аңғартты.

"Дана оның ең көп жекпе-жектен қашатын боксшы екеніне сенді деп ойламаймын. Біз бәріміз оның қандай екенін білеміз", — деп жазды қазақстандық боксшы X әлеуметтік желісінде.

Әлімханұлы мен Адамес арасындағы текетірес

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес әлеуметтік желіде бірнеше рет сөзге келген. Қазақстандық боксшы доминикандық қарсыласын өзімен жекпе-жек өткізуден жалтарды және кездесуге келісімшартқа қол қоюдан бас тартты деп айыптаған.

Жақында Әлімханұлының WBO әлем чемпионы атағы үшін титулдық кездесуі қаңтар айында Копенгагенде өтетіні белгілі болған. Көптен күткен жекпе-жекте қазақстандық дат боксшысы Якоб Банкпен жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?