Қазақстандық балуан әлем чемпионатында топ жарды
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Айтбеков Әзербайжан өкілі Эльмир Алиевпен кездесті.
Қазақстандық балуан Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында топ жарды.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Айтбеков Әзербайжан өкілі Эльмир Алиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 13:4.
Финалға дейін төрт қарсыласын жеңді
Айтбеков әлем чемпионаты барысында бірнеше мықты қарсыластан басым түсті.
Қазақстандық спортшы:
- Грузия өкілі Гиорги Кочалидзені;
- ресейлік Алибек Амировты;
- жапониялық Сеиму Токухаруды;
- украиналық Евгений Поковбаны жеңді.
Финалда Әзербайжан балуанын ұтқан Айтбеков турнирді жеңіліссіз аяқтап, Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды.
Бұл туралы не ойлайсыз?