Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мерей Базарбаев әлем чемпионын жеңіп, тарихи жетістікке жақындады

Қазақстандық еркін күрес шебері Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. 

Мерей Базарбаев әлем чемпионын жеңіп, тарихи жетістікке жақындады
instagram/@merey_bazarbayev

Әлем чемпионын жарыс жолынан шығарды

Қазақстандық балуан әлем біріншілігін сенімді бастап, алғашқы белдесулерінде жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті.

Базарбаев 1/8 финалда әлемнің қазіргі чемпионы, америкалық Люк Лилледальмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың басты сенсацияларының бірін жасады.

Ширек финалда франциялық Расул Галбураевтан басым түсті. Қазақстандық балуан қарсыласын 13:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Финалда кіммен кездеседі?

Мерей жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэмен күш сынасты. Отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық балуан U23 әлем чемпионатының финалына шығып, кем дегенде күміс медаль иегері атанады.

Базарбаев алтын жүлде үшін шешуші белдесуде түркиялық Бекир Кесермен кездеседі. Финалдық белдесулер Лас-Вегаста жергілікті уақыт бойынша кешкі уақытта өтеді.

Айта кетейік, бұл – Мерей Базарбаевтың әлемдік додадағы алғашқы финалы емес. Ол 2022 жылы 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U21