Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мейірім Нұрсұлтанов

Мейирим Нурсултанов орысшаMeiirim Nursultanov латынша

Мейірім Нұрсұлтанов — орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2022 жылы WBO International чемпионы атанған. Әуесқойлар арасында 2014 жылы Қазақстан чемпионы болып, 2015 жылы «Astana Arlans» құрамында Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) чемпионы атанды. 2016 жылы кәсіпқой рингке ауысып, 2018 жылы NABF белбеуін жеңіп алды.

Спорт түрі
Кәсіпқой бокс
Туған күні
29.07.1993
Туған жері
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз
Салмақ дәрежесі
Орта салмақ
WBO International
2022 жылы чемпион атанды
WSB
Чемпион, 2015 («Astana Arlans»)
NABF
2018 жылы чемпион атанды

Анықтама Уикипедия бойынша: Meiirim Nursultanov, Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов, Нурсултанов, Мейирим Толегенович

Ойыннан тыс

Димаш Құдайберген Мексикада бокс белбеуін алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белбеуін алды. Марапат Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында табысталды.

Жекпе-жек

"Үш жыл күттім": Мейірім Нұрсұлтановтың батыл мәлімдемесі

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамеспен (25-1-1, 18 КО) жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Жекпе-жек

Мейірім Нұрсұлтановпен айқасудан бас тартқан Хесус Рамос жаңа қарсылас тапты

Хесус Рамос бұған дейін 19 қыркүйекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуі керек еді.

Жекпе-жек

Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен қағылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшының WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамеспен титулдық жекпе-жегі әзірге өтпейтін болды. 

Жекпе-жек

Мейірім Нұрсұлтанов кейінге қалды: Әлем чемпионына жаңа қарсылас табылды

Карлос Адамес Zuffa Boxing лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 14 қарашада өткізеді.

Жекпе-жек

Мейірім Нұрсұлтановтың чемпиондық айқасына қатысты жаңа шешім шықты

WBC доминикандық боксшыға титулдық емес жекпе-жек өткізуге рұқсат берді.

Жекпе-жек

"Сылтау айтасың ба?": Нұрсұлтановтың менеджері WBC чемпионына жауап берді

WBC бұған дейін Карлос Адамес пен Мейірім Нұрсұлтанов арасындағы чемпиондық жекпе-жекті міндеттеген болатын. 

Жекпе-жек

"Бәріміз оның қандай екенін білеміз": Әлімханұлы мен Адамес арасындағы текетірес жалғасты

Жәнібек Әлімханұлы WBC тұжырымы бойынша қазіргі чемпион Карлос Адаместің Zuffa Boxing лигасымен келісімшартқа отыруына қатысты пікір білдірді.

Жекпе-жек

"Уақыт созуды тоқтатыңдар": Мейірім Нұрсұлтанов WBC шешіміне қатысты мәлімдеме жасады

Жуырда аталған мекеме отандасымызды әлем чемпионы Карлос Адамеске міндетті қарсылас ретінде бекіткен еді.

Жекпе-жек

WBC рейтингі: Қазақстандық боксшылар қай орында?

Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды. 

Жекпе-жек

WBC Мейірім Нұрсұлтановқа чемпиондық жекпе-жек берді

Тараптар енді 20 қазанға дейін жекпе-жек шарттары бойынша ортақ мәмілеге келуі керек. 

Жекпе-жек

WBC чемпионы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында ауруханаға түсті

Осыған байланысты 19 қыркүйек өтуі тиіс болған айқас кейінге қалды. 

Жекпе-жек

Әлімханұлы айқас алдында Мейірім Нұрсұлтановқа қолдау білдірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы отандасы Мейірім Нұрсұлтановқа америкалық Хесус Рамос кішіге қарсы маңызды жекпе-жек алдында сәттілік тіледі.

Жекпе-жек

Мейірім Нұрсұлтанов – Хесус Рамос: Айқасты қашан және қайдан көруге болады?

Екі боксшы WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін таласады. 

Жекпе-жек

WBC Нұрсұлтановтың Рамоспен жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың америкалық Хесус Рамоспен өтетін титулдық жекпе-жегіне назар аударды.

Жекпе-жек

"Нұрсұлтановқа дайындалып жатқаным жоқ": WBC чемпионы айқас алдында мәлімдеме жасады

Қос боксшы 19 қыркүйекте Сан-Диегода өзара жекпе-жек өткізеді. Мейірім Нұрсұлтанов үшін бұл кездесу әлемдік титулға жол ашуы мүмкін маңызды айқастардың бірі болмақ.

Жекпе-жек

Тәшкенбай 35-орында. WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады

Ал орта салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің бірінші орнын сақтап қалды.

Жекпе-жек

Әлем чемпионы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Хесус Рамос-кіші ашық жаттығу өткізіп, қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдындағы дайындығы туралы айтты.

Жекпе-жек

Мейірім Нұрсұлтанов неге үш жыл бойы рингке шықпағанын түсіндірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) мансабындағы үш жылдық үзілістің себебін және алдағы жекпе-жегіне дайындық барысы туралы айтты.

Жекпе-жек

WBC шешім шығарды: Нұрсұлтанов Рамосты жеңсе, чемпионмен жұдырықтасады

Дүниежүзілік бокс кеңесі орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамеске қатысты маңызды шешім қабылдады. Ұйым Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос арасындағы айқастың жеңімпазымен кездесуді міндеттеді.