ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

WBC Нұрсұлтановтың Рамоспен жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың америкалық Хесус Рамоспен өтетін титулдық жекпе-жегіне назар аударды.

WBC Нұрсұлтановтың Рамоспен жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
instagram/meiirim.nursultanov

Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) пен Рамос (24-1, 19 КО) орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Ұйым өзінің Instagram парақшасында қазақстандық боксшының чемпиондық белбеуге таласу жолына тоқталды.

"Бірінші нөмірлі үміткер белбеу үшін келе жатыр! Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасар алдында оның осы мүмкіндікке жетуіне көмектескен бес қарсыласын еске түсірейік", — деп жазды WBC.

Нұрсұлтанов соңғы бес кездесуінде Андрей Сироткин, Себастьян Папески, Марсело Косерес, Кадзуто Такэсако және Хулио Аламосты жеңген. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы Аламоспен жұдырықтасқан. Сол кездесуден кейін ол шаршы алаңға үш жылға жуық уақыт шыққан жоқ.

Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос арасындағы жекпе-жек 20 қыркүйекте өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?