WBC шешім шығарды: Нұрсұлтанов Рамосты жеңсе, чемпионмен жұдырықтасады
Дүниежүзілік бокс кеңесі орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамеске қатысты маңызды шешім қабылдады. Ұйым Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос арасындағы айқастың жеңімпазымен кездесуді міндеттеді.
Орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адаместің келесі қарсыласына қатысты жағдай өзгерді. Журналист Дэн Рафаэльдің мәліметінше, WBC Адамеске WBO белбеуінің иегері Дензел Бентлимен біріктіру жекпе-жегін өткізуге рұқсат бермеген.
WBC шешіміне сәйкес, Карлос Адамес келесі жекпе-жегінде Хесус Рамос пен Мейірім Нұрсұлтанов айқасының жеңімпазымен кездесуі керек.
Хесус Рамос қазіргі уақытта WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы саналады. Ал қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов осы титулға ресми үміткер ретінде рингке шығады.
Карлос Адамес WBC титулын соңғы рет наурыз айында қорғады. Ол Остин Уильямсқа қарсы жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Нұрсұлтанов пен Рамос қашан жұдырықтасады?
Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос арасындағы жекпе-жек 19 қыркүйек күні АҚШ-та өтеді.
Айқас Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында ұйымдастырылады.