Ислам Махачев UFC рекордын жаңарта ала ма? Дана Уайт пікірін бөлісті
UFC президенті Дана Уайт Ислам Махачевтің Иэн Гэрриге қарсы жайқасы алдында тарихи рекорд орнатуға қатысты пікір білдірді.
Алдағы сенбі күні Филадельфияда UFC 330 турнирі өтеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачев алғаш рет жаңа дивизиондағы белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы — ирландиялық Иэн Гэрри.
Егер ресейлік файтер жеңіске жетсе, бұл оның қатарынан 17-ші жеңісі болады. Осылайша Махачев Андерсон Силваның әйгілі сериясынан асып түседі.
Дана Уайттың пікірі
UFC президенті Дана Уайт Махачевтің рекорд жаңарту мүмкіндігіне қатысты пікір білдіріп, жекпе-жекке дейін нақты қорытынды жасауға асықпайтынын айтты.
"Мен бұл туралы жекпе-жекке дейін ойлағанды ұнатпаймын. Алдымен оның сенбідегі өнерін көрейік. Октагонда не болатынын және қалай болатынын көрейік", — деді Уайт.
"Рекорд үшін үздіксіз жұмыс істеу керек"
Дана Уайттың сөзінше, мұндай деңгейдегі рекордқа жету үшін спортшы ұзақ уақыт бойы тоқтамай еңбек етіп, қарсыластарын бірінен соң бірін жеңуі қажет.
"Рекордты бұзу үшін тынымсыз жұмыс істеу, жекпе-жек өткізуді жалғастыру және қарсыластарды жеңе беру керек. Бір күні ғана: «Жігіттер, болды, маған жетеді», — дейтін сәт келеді. Міне, сол кезде оның мансабына толық баға беруге болады", — деді UFC басшысы.