Мейірім Нұрсұлтанов – Хесус Рамос: Айқасты қашан және қайдан көруге болады?
Екі боксшы WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін таласады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін америкалық Хесус Рамоспен (24-1, 19 КО) кездеседі. Жекпе-жек Сан-Диегода (Калифорния, АҚШ) өтеді.
Жекпе-жек қашан басталады?
Нұрсұлтанов – Рамос кездесуі Қазақстан уақытымен 20 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді.
Тікелей трансляция сағат 07:00-ден кейін басталады деп күтілуде.
- Жекпе-жек: Мейірім Нұрсұлтанов – Хесус Рамос
- Өтетін орны: Сан-Диего, АҚШ
- Күні: 20 қыркүйек
- Басталуы: 07:00-ден кейін, Қазақстан уақытымен
- Трансляция: DAZN
Қос боксшы WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады.
Нұрсұлтанов үшін бұл кездесу мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі болмақ.
Нұрсұлтанов үш жылға жуық үзілістен кейін оралады
33 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың қарашасында рингке шықты. Сол кезде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.
Ал Хесус Рамос соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында жұдырықтасты.
Америкалық боксшы отандасы Шейн Мозли-младшийды (23-5, 13 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.
Қазір Рамостың кәсіби рекорды – 24 жеңіс, 1 жеңіліс, 19 нокаут.