ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

21 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионатының "алтынына" таласады

Дүбірлі дода 12-18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

21 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионатының "алтынына" таласады
olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің жас жұлдыздарының бірі Ислам Евлоев 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Петропавлдық спортшы Қазақстан құрамасының өтініміне енді. Байрақты бәсеке 12-18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Евлоев 97 келіде күреседі

21 жастағы Ислам Евлоев әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайды.

Бұл салмақта ол халықаралық деңгейде бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткізіп үлгерді. 2026 жылы Евлоев ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленіп, кейін 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында топ жарды.

Лас-Вегастағы әлем чемпионатына дейін Ислам Евлоев Қазақстан құрамасы сапында 2026 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетеді. Осылайша, жас балуанды қысқа уақыт аралығында екі ірі халықаралық дода күтіп тұр.

Ислам Евлоевтың басты жетістіктері

Солтүстік Қазақстан облысының өкілі саналатын Ислам Евлоев жасөспірімдер мен ересектер деңгейінде бірнеше ірі жүлде жеңіп алған.

  • 2023 жыл – U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 82 келі;
  • 2023 жыл – U20 Азия чемпионы, 82 келі;
  • 2024 жыл – U20 әлем чемпионы, 82 келі;
  • 2025 жыл – Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалисі, 87 келі;
  • 2026 жыл – Zagreb Open рейтингтік турнирінің күміс жүлдегері, 97 келі;
  • 2026 жыл – Азия чемпионатының қола жүлдегері, 97 келі;
  • 2026 жыл – U23 Азия чемпионы, 97 келі.

Евлоев – Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Әлемдік рейтингте 87 және 97 келі салмақ дәрежелерінде 11-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?